Қазақстандық семсерші Азиада ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды

Қазақстандық семсерші Дмитрий Алексанин финалда Оңтүстік Кореяның олимпиада чемпионы Пак Сан Енді жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Қазақстандық семсерші Азиада ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды

Дмитрий Алексаниннің финалдағы қарсыласы ең мыңты семсершілердің бірі. Дегенмен, отандасымыз үш кезең бойы артықшылық танытып, 15:12 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық семсерші Азиада ойындарының алғашқы алтынын иемденді.

«Қаты қуанып тұрмын. Өте көп жұмыс атқарылды. Жартылай финалда да және толық финалда да маған олимпиада ойындарының қола жүлдегерімен семсерлесуге тура келді. Сонымен қатар, қазіргі чемпионды да жеңіп, олармен теңестім. Екіншісімен финалда кездесетінімді жақсы білдім», – дейді жеңімпаз.

Сондай-ақ, спортшы өзінің жеңісін бүкіл Қазақстанға және 19 шілдеде қайғылы жағдайда көз жұмған танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына арнайтынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар