Қазақстандық паралимпиадашыларға қанша сыйақы беріледі?

Сенбі, 10 Қыркүйек , 2016 13:02

Қазақстан құрамасы Паралимпиада тарихындағы алғашқы медалін иеленді. Тұңғыш медаль – алтын болды.

20160909233511

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл жетістікті 100 метрге дейін қашықтықты еркін әдіспен жүзуде Зульфия Ғабидуллина бағындырғанын хабарлаған болатынбыз.

Жанкүйерлерге Олимпиада ойындарының жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі. Ал Паралимпиада ойындарында жүлде алған спортшы қанша сыйақы алатыны көп айтылып, жазылмағанды.

Ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларына және жаттықтырушыларына – Паралимпиялық ойындар қатысушыларына төменде көрсетілген мөлшерге сай 2008 жылы 19 ақпанда “Паралимпиялық ойындарда көсеткен жоғары жетістіктері үшін спортшыларды және жаттықтырушыларды материалды ынталандыру бойынша кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша І орын алған спортшыға – 50 мың АҚШ доллары, ІІ орынға – 35 мың АҚШ доллары, ІІІ орын иегеріне 35 мың АҚШ доллары беріледі. Сондай-ақ, IV орын алған паралимпиадашы 14 мың, V орын – 6 мың, VI орын иегеріне 4 мың АҚШ доллары беріледі.

Айта кетейік, Риодағы Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 11 спортшы аттанған болатын. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 16-орында келеді. Жарыс 17 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Əдейі үкіметке тиісу үшін басталған əңгіменің ұшы ғой мынау. Əрине Рио мен тең емес екенін біліп отырсыздар. Эхххх

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар