Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық паралимпиадашы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық жүзуші Наталья Звягинцева паралимпиадалық жүзу спорты бойынша алтын медаль иеленді.

«Бізде бүгін жаңа әлем чемпионы – Наталья Звягинцева Қазақстанның атын әлемге танытты. Арқамен жүзу бойынша 50 метрлік қашықтықта Наталья алтын алды.

Бұл Қазақстан тарихындағы әлем чемпионатында алған тұңғыш алтын медаль. Наталья Мексикада Азия рекордын жаңартты», – деп жазды Қайрат Боранбаев Инстаграмдағы парақшасында.

Бұл Қазақстан тарихындағы Паралимпиададан өткен әлем чемпионатында жеңіп алған тұңғыш алтын жүлде.

Қазақстанның қоржынына тағы бір медальді 100 метрлік қашықтықта екінші орын алған Зульфия Габидуллина салды.

Естеріңізге сала кетейік, Наталья Звягинцева 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарында 100 метрге шалқалай жүзуде 7-орын алған болатын.

Оқи отырыңыз:

Елбасының 101 жасқа келген ұстазы оның қандай оқушы болғанын айтып берді

Атамбаев Қырғыз Республикасының батыры атанды

Тоқаев: Атамбаевтың психикалық дертпен ауыратыны белгілі болды, сауығып кетуін тілейміз

Талқылау