Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық паралимпиада спортшылары Қытайда алтын және күміс жүлдені жеңіп алды

Бейжің қаласында Қытайдың жеңіл атлетикадан Ашық чемпионаты аяқталды. Жарысқа 21 елден келген 200 спортшы қатысты.

20160425101828

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазақстанның паралимпиадалық құрамасының атынан 6 жеңіл атлет шықты – Мақжан Нұрлыбаев, Сергей Харламов, Ислам Сәлімов, Аманат Қалқаев, Алексей Лукутин, Павел Сидорчук.

Қазақстандықтардың арасында Ислам Сәлімов ерекше көзге түсті. Ол 400 метрге жүгіру ережесінде Т13 класында (көру қабілеті нашар) алтын медальға қол жеткізді.

Ислам бұл қашықтықты 53,86 секундтың ішінде еңсеріп, Жапония, Вьетнам және Тайпейден келген спортшыларды артта қалдырды.

20160425101832

Ұзындыққа секіру ережесінде 5.29 нәтижесін көрсеткен Аманат Қалқаев құрама қоржынына күміс жүлде әкелді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.

Талқылау