Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық отбасылардың не нәрсеге көп ақша жұмсайтыны белгілі болды

2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша азық-түлікке жұмсалған шығын жалпы шығынның 45,9 пайызын құраған.

0101

Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.

Бұл жыл басындағы 3 айдың көрсеткіші бойынша соңғы 5 жылдағы ең жоғарғы деңгей болып отыр.

2012-2014 жылдары отбасылардың азық-түлікке жұмсағаны 41,8 пайызға дейін қысқарған. Алайда 2015 жылы 43,5 пайызға қайта көтеріледі. Содан бері тек жоғары өрлеп келе жатыр.

Қазақстандықтар әсіресе, ет пен ет өнімдерін жиі сатып алады. Сондай-ақ, нан мен жарма өнімдеріне де көп шығын жұмсалады. Ал балық және теңіз өнімдеріне деген құлшыныс әжептәуір төмендепті. Өнімдердің бағасының қымбаттауына және табыс көзінің азаюына байланысты аз қамтылған топ өкілдері аз тұтынуға мәжбүр.

Оқи отырыңыз:

Болашақта базалық зейнетақы алынып тасталады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы қымбаттап кетті

Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге ортақ криптовалюта енгізуді ұсынды

Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды

Талқылау