Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылқы мен қымбат тон сұраған: Қазақстандық қыздың туыстарының талаптары үшін тойды болдырмай тастады

Павлодарлық жігіт Жамбыл облысынан болған қалыңдығына үйленуден тойына бір апта қалғанда бас тартты. Себебі қалыңдықтың туыстарының талаптары болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық отбасы тұрмысқа беретін қыздарының қалың малын бөліп төлеуді талап еткен

Әлеуметтік желі қолданушысы бір отбасының шырқы қазақтың салт-дәстүрі кесірінен бұзылғанын жазады. Атап жазсақ, әкелерінен ерте айырылған отбасы ұлдарын үйлендіріп келін аламыз деген ойларының соңы түсініксіз жайтқа әкеліп тіреген.

«Менің құрбымның отбасында анасы, інісі мен сіңлісі және кішкентай қызы бар. Әкелері сегіз жыл бұрын қайтыс болғандықтан отбасын құрбыма қамтамасыз етуге тура келеді. Ендігі мәселе інісі үйленемін деп, алтыншы қазанға той уақытын белгілеп қойған. Барлық шығынды құрбым мойнына алды. Бірақ осы тойға дайындалу уақытында болашақ құдалар мен келіндері құрбымды әбден мезі қылды. Құдалар танысқаннан бері қыз жақтан көптеген талаптар қойылуда. Бастапқы келісім бойынша, атасына – жағалы киім, әкесіне – жылқы мен тон, анасына – қымбат тон, інілеріне – алтын сақинадан, ақшалай 500 мың теңге, тағы кілем, басқа да ұсақ-түйектер болатын. Алайда мейрамханаға тапсырыс беріліп, қонақтар шақырылғаннан кейін құдалардың арандары ашыла бастады. Әкелеріне де алтын, анасына – гауһар тасты әшекей жиынтығын қосуды, тойға келетін әрбір қонаққа бір көрпе мен екі жастық, біреуге қосымша кілем беруді, ал ақшалай миллион теңгеге көтеруді талап етті», – деп жазған Фейсбук желісіндегі топта.

Алайда желі қолданушысының құрбысына бұл талаптар жақпай, ол өз нұсқасын ұсынған. Оның айтуынша, ешқандай жылқысыз, атасы мен әкесіне жағалы киім, анасына – гауһар тассыз әшекей жиынтығы мен пәлте, ұлдарға сақинадан, кілем мен ақшалай 300 мың теңге, осымен болды деген.

«Олардый қойған шарттарын орындауға мүмкіндігі жоқ екенін түсіндіріп әлек болған құрбыма «қызымызды бермейміз» деп қорқытқан. Соңында «бізде адам баласымыз, бәрін түсінеміз, қалың малға берілетін миллион теңгені бөліп берсеңдер болады» деген. 1 қазан күніне қойылған ұзатуы тойы жақындаған сайын қайта-қайта хабарласып ақша берулерін сұрайды. Ақыры келіспегендіктен тойды болдырмай, бәрін жарты жолда тоқтатады. Дайындық айларында қалыңдығының еркелігінен шаршаған інісі де бәрін түсінді», – деп жазған сөз соңында желі қолданушысы.

Жазбаны оқып отырып, қыздың Жамбыл облысынан, ұлдың Павлодар облысынан екенін байқадық. Әрине, екі өңірдің өмір-салттарының айырмашылықтары көп. Дегенмен, желі қолданушылары қыздың ата-анасының мұндай қылықтарына наразылық танытып, олардың тарапына жағымсыз пікір қалдыруда.

Біреулер екі жастың екі аймақтан екенін ескеріп, мұндай түсініспеушіліктер болмас үшін болашақ жарыңды өз елдімекеніңнен іздеген дұрыс деуде. Олардың қатары «Қыздарды өз жерлестеріңнің ішінен іздеңдер. Бұл болашақта отбасын құрып, бір-біріңді түсініп кетуге де септігін тигізеді», «Қамшының сабындай қысқа ғана өмірде өз балаларының бақытын малға китке сату деген асыра сілтеу. Ең бірінші жастардың өмірін ойлау керек .Бәрі жетіп тұрса, құба құп жағдайды түсініскен дұрыс қой. Бірақ оңтүстік бізді солтүстікті түсінбейді» деп жазуда.

Отбасындағы осындай келеңсіз жағдайға тек жігіттің өзін кінәләп отырғандарда баршылық. Олардың көбі, ер жеткен, отбасын құруға бел буған жас жігіт барлық шығынды өз мойнына көтеріп, араға туыстарды салмай, қалыңдықпен келісу керек еді деуде. «Неге інісі өзі нақты шешім қабылдамайды. Не үшін оның бар мәселесін әпкесі шешу керек? Жеке отбасын құруға бекінгеннен кейін барлығын өзі істеу керек» деп наразылық пікірлерін қалдыруда.

Жазба астында тағы бір қалыптаскан пікір топтамасы қыздарын сатуға дайын тұратын адамдарды сөгіп, ең бастысы екі жастың бақыты екенін ескерді. Бұндай пікірдегі желі қолданушылары «Қыздарын солай көп ақшаға сатқылары келсе қытайларға берсін, ал біз үшін ең бастысы жаңа отбасын құрып жатқан жастарды үлкен өмірге баулып, солардый бақытын тілеу», «Осынша ақшаны қыздың қалың малына сұрағанша, банктерден депозит ашып беру керек, артынша пәтерден пәтерге көшіп қаңғырып жүрмейді» деп жазба қалдыруда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау