Қазақстандық он жасар әнші қызға Игорь Крутой бейнебаян түсіріп бермек

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 14:01

Игорь Крутойдың ұжымы жуырда қазақстандық он жасар әнші қыз Аружан Ардақтың Dream with You әніне бейнебаян түсіруді бастайды.

3d25dbacbc4d6b0c32807ef416f4643b

Сурет Андрей Халин

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Талантты қызға украиналық композиторлар да бірнеше хит әуендер ұсынған.

Аружан Ардақ – ерекше бала. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Сабақтан соң вокал дәрісіне, музыкалық мектепке, би үйірмесіне және сахна шеберлігіне қатысады. Қоржынында кәсіби модель ретінде жеткен жетістігінің дәлелі болатын диплом да бар. Талантты қыз үнемі республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындар еншілейді. Ол Италия, Ресей, Түркия төрінен кубоктар мен медаль, мақтау қағаздарын иеленген.

0aa32f3aecbd16625cedd69c1d0d016f

Жақында Арудан Игорь Крутойдың академиясында болып қайтты. Танымал тележүргізушілер, белгілі стилистер мен блогерлер өздерінің табыс құпиясымен бөліскен. Сондай-ақ, олар камера алдында қалай ұстау керек, сұхбат беру әдебі және сырт келбетпен жұмыс істеу тұрғысынан да ақыл-кеңестерін аямапты. Салмақты әрі тәрбиелі Аружан танымал ресейліктерді бірден баурап алса керек. Тіпті Крутой Диаз Мусалимов әнін жазған Dream with You композициясына клип түсіріп беруге келіскен. Айтпақшы, бұл ән “Балалар арасындағы үздік жыл әні” байқауында хитқа айналған. Әзірге шығармашылық ұжым сценариймен жұмыс істеп жатыр.

Аружанның өзі барлық нәрсеге салмақты қарайды. Кішкентай болғанына қарамастан үлкен жұмыстар атқарып, үлкен сахнаға шығуға талпынуда.

d75904ec014b905b59ddd08437b7aa46

“Менің құрдастарым сағаттап әлеуметтік желіде отырып, “лайк” басып, суреттерге пікір қалдырып жатады. Мен интернетке тек реферат немесе сабақ дайындау үшін ғана кіремін. Өз парақшаларымды жауып тастағанмын. Менің анам көп жұмыс істейді, сондықтан да үй шаруасын өзім тындырамын. Мені тек мазалайтыны мысығыма уақытылы көңіл бөле алмауым ғана”, – дейді ол.

Ол қай нәрседе де жауаркершілікті жақсы көреді. Қазіргі таңда “Бозторғай” байқауына дайындалып жатыр. Келешекте Қазақстанның атын шығаратын танымал әншіге айналғысы келеді.

Татьяна Аладьина

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар