Қазақстандық «Ник Вуйчич» белгілі спортшы Марадонамен футбол ойнады (видео)

Аяқсыз туылған қазақстандық Әли Тұрғанбеков аңызға айналған спортшы Диего Марадонамен футбол ойнады. Марадонамен мүмкіндігі шектеулі баланың кездесуіндегі суреттер мен бейнематериалдар белгілі футболшы Марадонаның да, Әли Тұрғанбековтің де Instagram парақшасында жарияланды.

Қазақстандық «Ник Вуйчич» белгілі спортшы Марадонамен футбол ойнады

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аяқсыз туылған қазақ баласы Әли Тұрғанбеков Талдықорған қаласында дүниеге келген. Туған қаласындағы мектепте балаға қажет жағдай болмағандықтан, олар Әлиді қабылдай алмаған. Ал арнайы мұқтаждықтары бар баланың ата-анасы осыдан кейін Астанаға көшуге мәжбүр болды. 7 жастағы бала Андрей Малаховтың тікелей эфиріне қатысып, онда алғаш Ник Вуйчичпен кездесті.

Қазақстандық «Ник Вуйчич» белгілі спортшы Марадонамен футбол ойнады

Бүгінде белгілі футболшымен футбол ойнаған Али, бұған дейін Марадонамен кездесуді армандайтынын айтып, видео жолдаған. Баланың арманы орындалды. Әли өзінің футболкасына қолтаңбасын қалдырған аңыз спортшы Марадонамен футбол ойнады.

Қазақстандық «Ник Вуйчич» белгілі спортшы Марадонамен футбол ойнады

«Мен бұған сене алмадым! Мен өте бақыттымын, достар әрдайым армандап, Алладан көмек сұраңыздар!»,-деп жазған Әли Тұрғанбеков Инстаграмм парақшасында.

Қазақстандық «Ник Вуйчич» белгілі спортшы Марадонамен футбол ойнады

Қазақстандық «Ник Вуйчич» белгілі спортшы Марадонамен футбол ойнады

Тағы оқыңыз: 

Төрт жасар қазақ баласы джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлдегер болды

Футболшы Самат Смақов төртінші рет әке атанды

Головкин: Бұл жекпе-жектің оңай болмайтынына жүз пайыз сенімдімін

Астана медицина университетіндегі дау: Оқудан шығарылған студенттер не дейді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар