Қазақстандық қыз Боратты Астанаға шақырып, оған ескерткіш орнатуды ұсынды

Қазақстандық Айнұр Нүсіпбекова әйгілі британдық комик Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды, тіпті оған Қарағандыдан ескерткіш орнатуды ұсынды. Бойжеткеннің айтуынша, осылайша Қазақстанға ағылатын туристер санын арттырып, қаржы үнемдеуге болады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

tourcenter.kz порталының иесі Айнұр Нүсіпбекова Борат жайлы пікірімен әлеуметтік желіде бөлісті.

“Қазіргі уақытта Қазақстан белсенді түрде халықаралық Pr-мен айналысып жатыр. Тіпті, ішкі және сыртқы туризмді дамытып, еліміздің танымалдылығын арттыру үшін үшін арнайы Kazakh туризм ұйымы құрылған. Алайда өкінішке қарай, Қазақстанды саяхат үшін қызықсыз ел деп танымақ түгілі, бізді әлі күнге дейін білмейтін халықтар бар», – дейді Айнұр.

Айнұрдың айтуынша, шетелге саяхаттаған кезде оған Қазақстан түрлі сан алуан сұрақ қойылады. Шетелдіктердің басым бөлігі Қазақстанның қандай ел екенін, қайда орналасқанын білмейді. Ал білетіндері тек Боратты еске алады.

«Әлем картасындағы 9-орын, ЭКСПО, Ресей мен Қытайды айтып, түсіндіруге тырысасың. Ауада карта сызасың. Бірақ көпшілігінің ауызға алатыны тек – Борат! Соны таниды, күліп, иығыңнан қағады. Дәл осы орайда маған бір идея келіп отыр. Сол Боратты – яғни Саша Баронды Қазақстанға шақырсақ қайтеді? Объективті түрде қарайтын болсақ, ол Қазақстанды таныту үшін көп іс атқарды. Қара Pr да — ол Pr. Мемлекет бюджеттен миллиардтаған ақша бөліп жете алмаған нәрсеге Барон бір ғана бюджеттік фильммен қол жеткізді», – дейді Айнұр.

Бойжеткеннің айтуынша, Боратты Қазақстанға шақырып, оған Астананы көрсету қажет.

“Мүмкін келісіп, күлкілі фильм түсіруге де болатын шығар. Мәселен, Борат болашақтан бір-ақ шығып, заманауи Астананы көріп таңғалсын. Креативтік тұрғыдан идеяны дамыту қажет. Бірақ негізгі факт – Борат хайп туғызып, біздің елімізге халықаралық дәрежеде танымалдылық алып келуі мүмкін. Маған қызанақ лақтырмай тұрғандарыңызда айтайын: тіпті Боратқа Қарағандыдан болсын ескерткіш орнатып, туристерді қызықтырған маңызды», – дейді Нүсіпбекова.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда 400 бөдене мен жиырма көгершін асырап отырған бала құс асыраудың сырын айтып берді

Бір көзінен айырылған қыздың өлеңі қазақстандықтарды жылатты (видео)

Қазақстанда қайыр сұрап жүрген қыз: Әке-шешеммен бірге тұрсам, киімім мен тамағым болса деп армандаймын

Алматыда мешітке келген орыс жігіті ислам дінін қабылдады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар