Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Англияда тері өндірісінің жұмысын дөңгелетіп отыр (фото, видео)

Қазақстандық Айман Сағатов үш жыл бұрын Олдершот қаласында “Kazakhsha” деп аталатын көркем тері студиясын құрған.

IMG_1545-mbvd4hlhzn79lhy4z067z53qhubuvavjxmysxuqvfg

Бұл туралы The Astana Times хабарлайды.

Ол аудармашы болып жұмыс істегеннен кейін өзіне жаңа хобби тауып, айналыса бастайды. Ағылшын мен италян тілін жаңсы меңгерген Айман Ұлыбританияда 10 жылдан бері тұрып келе жатыр. Сәндік қолданбалы өнермен алты жылдан бері айналысатын ол, тек терімен ғана емес, металл, ағаш, жібек, күмісті де өз ісіне жиі пайдаланады.

il_fullxfull.972819346_7alt

“Мен терімен жұмыс істеген кезде ескі әдістерді көп қолданамын Әрбір өнімде көшпелі мәдениетті еске түсіретін, сақ пен сармат дәуірінен хабар беретін таңбалар бар”, – дейді ол.

Ол өз бизнесіндегі барлық функцияны өзі атқарып отыр. Кәсіпкер де, тігінші де, менеджер де жалғыз өзі.

“Мен Қазақстаннанмын. Бұл ұлттық қанмен берілетін өнер. Мен Қазақстанды насихаттап жатырмын демеймін. Елге менің қолдауым керек деп те ойламаймын. Мемлекет әлемдік деңгейге өзін өзі таныта алады. Kazakhsha” студиясы менің қайдан екенімді, тегімнің кім екенін білдіреді”, – дейді Сағатова.

DSC3081

Студияда ол сөмке, әмиян, белдік секілді өнімдерді дайындайды. Оның сөзінше, өзі жасап шыққан әрбір затты ерекше жақсы көреді.

“Маған қазақша дүниелер көп ұнайды. Олар мен үшін жанымнан жақын нәрселер, бірақ мен оларды клиент талабы мен түрлі талғамға байланысты әртүрлі пайдаланамын. Орталық Азия елдері Европа үшін әлі ашылмаған ғалам сияқты. Көп адам Қазақстанды білмегенімен, қазақша дүниелерге ерекше қызыға қарайды. Көптеген ағылшын қыздары қазақша безендірілген білезіктерді жақсы көреді”, – дейді Айман.

DSC0398-1024x680

Ол өз өнімдері өз сайты арқылы жарнамалап сатады.

Айманның өнімдерін онлайн-нарықта ерекше танымал Etsy электронды коммерция орталығынан табуға болады.

Оқи отырыңыз:

Uber қызметкері алғашқы жұмыс күнінде-ақ жыныстық бопсалауға ұшырағанын айтты

Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

Порно фильмге түскені үшін жұмыстан қуылған мұғалім әйелдер құқығын қорғап арызданды

Талқылау