Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Құсайынов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді (видео)

Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов мексикалық боксшы Хесус Лагунумен жұдырықтасып, оны кездесудің екінші раундында нокаутқа жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық Құсайынов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді (видео)

Жекпе-жек 8 раундқа жалғасады деп жоспарланған еді. Алайда қазақстандық боксшы небәрі 2-ші минутта мексикалық қарсыласының бауырынан күшті соққы жұмсап, нокаутқа жіберді. Кездесу күні кеше Монреалда өтті.

Айта кетейік, 27 жастағы Құсайынов үшін бұл кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңіс. Боксшы небәрі 9 кездесу өткізген, оның алтауын нокаутпен аяқтаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Stan.kz
Жексенбі, 14 Қазан, 2018 11:24