Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық «Кеңсе аруы» халықаралық сән байқауына қатысады

Алматылық ару Адель Камердинова «Кеңсе аруы – 2017» халықаралық байқауын қатысатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Байқаудың ақтық кезеңі 1 желтоқсан күні Мәскеу қаласында өтеді. «Кеңсе аруы – 2017» халықаралық байқауы осымен сегізінші рет өткізіліп отыр. Байқауға ТМД елдерінің арулары қатыспақ. Байқауға қатысушыларға интернет арқылы дауыс беруге болады. Осыған дейін байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алушыларды анықтау үшін бүкіл ТМД елдерінде 23 кастинг ұйымдастырылып, ең сұлу деген 95 ару іріктеліп алынған. Байқаудың жеңімпазына 1 миллион рубль қаржылай сыйлық табысталмақ.

Адель Камердинова Болат Аюхановтың балет мектебінде үш жастан бастап би өнеріне үйренген. Үш тілге жүйрік Адель АҚШ-та екі жыл оқып келген. Өзінің айтуынша, Адельдің отбасының мүшелерінің барлығы тұрақты түрде қайырымдылық көрсетеді.

«Uniqkids» балалар орталығында хорегораф болып жұмыс істеймін. Бес жыл бұрын тұрмыс құрғанмын. Үш жасар кішкене қызымыз бар. Көркімен бірге ақылы, ой-танымы, шығармашылық қабілетін айқындайтын сән сайысынан жеңіспен оралуды мақтап етудемін», – дейді Адель.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстан Швейцария банкінің есебі бойынша кедей елдер қатарына кірді

Данияр Елеусінов әйелімен ажырасқаны туралы мәлімдеді

Атырауда түсік тастаған 40 жастағы әйел хәл үстінде жатыр

Талқылау