Қазақстандық Google компаниясына жұмысқа орналасты
Қазақстанда Google компаниясының бөлімшесі жоқ. Есесіне әлемдегі алпауыт мекеменің бас мекемесінде қызмет атқаратын отандастарымыз бар. Жақында Google қатары 28 жасар қазақстандық Дияс Ақановпен толықты.
Бұл туралы ztb.kz хабарлайды
Қазақстандық танымал компанияға видеорезюме жолдау арқылы өз арманына қол жеткізген. Дияс аталған компаниядағы бос жұмыс орыны туралы ақпаратты қалай білгені және онда жұмыс істеу мәртебесіне қалай қол жеткізгені туралы айтып берді.
Дияс Ақанов 28 жаста. Алматы қаласында туылған. Ол өзін әрдайым ағылшын тілді ортада Dake деп таныстырады екен.
Мен жұмыс жасауды 2-ші курста оқып жүрген студент кезімде-ақ бастадым. Алғашқы кезде тәжірибе жинап, жұмыс орынымды жиі алмастырдым. Әрине, бұл студент үшін өте жақсы еді. Әрі оқисың, әрі жұмыс істеп тәжірибе жинай түсесің. Негізінен программашы ретінде жұмыс істегім келетін”, – дейді Дияс.
Бастапқы мезетте тұрақты кіріс пен мансап тұрғысынан өсу болмағанына қарамастан, ол университетті бітірген соң бірнеше жыл программашы болып қызмет істейді. Банк жүйесінде, IT саласында өзін сынап көреді.
“Мен өз өмірімді бұдан да жақсы етіп өзгерткім келді. Сондықтан, әлемдік ТОП компанияларға жұмысқа орналассам деген құлшыныс оянды.
Google компаниясында бос жұмыс орыны бар екені туралы ол Sun Microsystems компаниясында істейтін досынан естіген. Көп ойланып жатпай видеорезюме жіберіп көруге бел байлайды. Артынша Google Сан-Франциско қаласына сынап көруге шақырады.
Осылайша, жұмысқа қабылданып арманына қол жеткізеді. Қазіргі таңда әріптестерімен бірге жаңа жобаны жасау үстінде екен.
“Жасап жатқан нақты жұмысым туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Өйткені, жобамыз әлі толықтай дерлік жүзеге асып үлгермеді”, – дейді Google-дың жаңа қызметкері.
Дәл қазір Диястың бос уақыты жоқ десе де болады. Керемет демалыс күндерін, әсіресе, ару қала Алматыны сағынып жүргенін айтады. Алпауыт компанияның өкіліне айналған қазақстандық бос уақытында футбол, теннис ойнап ғылыми-танымал кітаптарды оқығанды ұнатады екен.
Google – Alphabet холдингіне қарасты интернет-іздеу, есептеу және жарнамалық технологиялармен айналысатын америкалық трансұлттық корпарация. Студенттік жатақханадан бастау алған бизнес бүгінде әлемнің 40 елінің 70 офис орналасқан Маунтин-Вьюдегі Googleкомпаниясында жалғасуда.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
