Қазақстандық донор жалғыз өзі 100 литрден астам қан тапсырған

Сенбі, 5 Қараша , 2016 10:28

Орал тұрғыны бір өзі 120 литр қан тапсырған.

4545

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Юрий Чахалидий қан тапсыруды 1995 жылдан бастаған. Ол 21 жыл ішінде жалпы саны 117,9 литр қан өткізіпті. Қан орталығындағы бөлім меңгерушісі Зниара Кенжеғалиеваның айтуынша, жыл сайын қан тапсырушылар саны артып келе жатыр екен.

“Адамдар өзгелерге көмектесу үшін қан тапсырып жатыр. Бізбен жұмыс істегісі келмейтін жеке компаниялармен проблема туындауда. Ал біздің қан банкілерімізді толтырып жатқандар – “Зенит” зауыты, “Қазпочта” және мемлекеттік мекемелер. Орталықта қосымша қан қоры бар екеніне қарамастан, оны үнемі толтырып отыру маңызды”, – дейді Зинара Кенжеғалиева.

Оның айтуынша біздің елде өкінішке қарай донорларға қандай да бір жеңілдіктер қарастырылмаған. Мәселен, Ресейде тұрақты донор тапсырушыларға коммуналдық қызмет, қоғамдық көлік бойынша жеңілдіктер қарастырып, ақшалай сыйақылар табысталады екен.

Республикалық қан орталығының мәліметінше, Қазақстанда қазір 1000 адамдық елді-мекенге донор саны 18 адамнан келеді екен. Бұл жылына 280 мың донор деген сөз.

Оқи отырыңыз:

Профессор: Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы енді жақсармайды

Ғалымдар әйелдер мен ерлердің миынан жаңа айырмашылықтар тапты

Көз көруін сақтау және көз күтіміне арналған кеңестер

Шариғатта шарапты шипа үшін ішуге бола ма

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 4 күні кері

Мен 35 жылдан ұдайы қан тапсырып келемін.бірақ ешкімде маған бір значек те сыйлаған емес. Әйткенмен көшеде жүргенде жастардың көбі (қыздар, жігіттер ) менің туған балаларыма өтеұқсас болып көрінеді маған. Бәріде аппақ әп әдемі.бәлкім менің қаным осылардың бойында жүрген шығар деп өзіме разы болам.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар