Қазақстандық дипломаттар Бразилияда кокаинмен ұсталған 21 жастағы қазақстандық қызды түрмеден құтқарды

Сәрсенбі, 23 Тамыз , 2017 12:45

Қазақстандық дипломаттар есірткі тасымалдады деп Бразилияда айыпталған 21 жастағы қазақстандықты ақтап алуға қол жеткізді.

168

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Оқиға 2017 жылдың 6 ақпанында басталған еді. Сол күні Сан-Паулу полициясы Қазақстан елшілігіне 1996 жылы туған Қазақстан тұрғынының ұсталғаны туралы хабардар еткен. Тәртіп сақшылары Арменияға, одан әрі Қазақстанға ұшып кетуді жоспарлаған қызды әуежайдан ұстаған. Оның жеке заттарын тінту кезінде 2 келі кокаин табылыпты.

“8 ақпанда Қазақстан елшілігі қызбен кездесу ұйымдастырды. Кездесу кезінде қыз елшілерге өзінің жағдайы, Бразилияға қалай келгені және есірткінің онда қайдан жүргені туралы айтып берген”, – деп жазады Жайнақов Фейсбук парақшасында.

Сол күні сот отырысы өтіп, қалалық сот қазақстандық қызды қамауға алу туралы шешім қабылдайды. Славяна Миневскаяның айтуынша, онша таныс емес бір әйел оның сеніміне кіріп, 4 мың доллар тұратын бриллиантты алып кету туралы ұсыныс жасаған. Қыз оған келісіп, Сан-Паулуға келіп, әйелді бірнеше күн белгісіз үйде күткен. Кейін әйел келіп оның қолына шамадан ұстатып, Еревен қаласына жеткізуді тапсырған. Белгілі болғандай әйел есірткіні мультипісіргіш құрылғының ішіне салып жіберген екен.

“Қыздың қылмыстық алдаудың құрбаны болғанын білген соң Қазақстан елшілігі ҚР СІМ-не күдікті және оның мүмкін болған сыбайластары туралы ақпараттар жіберді. Құқық қорғау органдары жедел жүргізген шаралар арқасында күдікті Қарағанды қаласында қолға түсті. Бразилиядағы қазақстандық дипломаттар қылмыстық іс материалдарын португал тіліне аударып, оны тергеу мамандарына тапсырды”, – дейді Жайнақов.

Славянаның ісіне қатысты осы жылдың 7 тамызында Сан-Паулу қаласында сот өтіп, қыздың 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қауіпі туындаған. Бірақ, дипломаттар ұсынған материалды қарап шыққан сот, қазақстандық қызды халықаралық қылмыстық топтың құрбаны деп танып, оны жауапкершіліктен босатқан. Енді Славяна жақын күндері Қазақстанға оралуы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты

Халқы танымайтын парламентте қартайған депутаттардың тізімі шықты

Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек

Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар