Қазақстандық спортшы Денис Тен Бостонда өткен әлем чемпионатында 11-ші орынды иеленді (видео)

Сенбі, 2 Сәуір , 2016 12:58

Сочидегі Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Денис Тен америкалық Бостонда өткен әлем чемпионатында 11-ші орынды иеленді.

72c3JJgI_i8

Фото: sk-sport.kz

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Қысқа бағдарламада өнер көрсеткеннен кейін қазақстандық спортшы 78,55 балл жинап, 12 орынды иеленді. Мұндай нәтижені 151,58 балл жинап еркін бағдарламада да көрсеткен. Қорытынды балл – 230,3.

Испандық  Хавьер Фернандес (314,93) 2016 жылғы әлем чемпионы атанды, екінші орында – жапондық Юдзуру Ханю   (295,17), қола медаль қытайлық Боян Дзинге (270,99) бұйырды.

Атап өтсек, Қазақстан атынан әлемдік біріншілікте мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да бар. Ол қысқа бағдарламадан кейін 12-ші орынды иеленді.  Еркін бағдарламада жарыс 3 сәуірде өтеді. Таңғы 4.50-де   KazSport арнасы көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясының Денис Тенді жазалауды ойлап отырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар