Қазақстандық бойжеткен өзін Бахрейнде сексуалдық күңдіктен құтқаруды сұрайды
ҚР жас азаматшасы қазақстандық дипломаттардан өзін Бахрейннен сексуалдық күңдіктен құтқаруды сұрады, деп хабарлады Sputnik-ке Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Фото: Наталья Селиверстова
“Сауд Арабиясындағы қазақстандық дипломаттар көмек сұраған Бахрейндегі біздің отандасымызбен хабарласты. Ол өзінің сексуалдық күңдікте екенін және оны күшпен ұстап отырғанын айтты”, — деді Жайнақов агенттікке телефон арқылы.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, дипломаттар 18 жасар қыздың жеке басын анықтады. Жайнақов қазақстандықтың Бахрейнге қалай келгенін айтып бере алмады. Қазіргі уақытта Бахрейннің құзіретті органдарымен бірлесіп, осы жағдайдағы қажетті шұғыл шаралар қабылдануда деп атап айтты Жайнақов.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген