Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
Бүгін Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында бокстан Олимпиада ойындарының жеребесі тартылып, қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластарының есімдері белгілі болды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
49 келі:
Біржан Жақыпов бірінші айналы
мда тер шығармай, екінші кезеңді күтетін болды. Екінші айналымда Әзербайжан мен Намбия боксшылары арасындағы жекпе-жектің қай жеңгені жерлесімізге қарсылас атанады.
52 келі:
Олжас Сәттібаев алғашқы айналымда Пуэрто-Рико боксшысымен қолғап түйістіреді. Ол алғашқы айналымда қарсыласынан айласын асырса, екінші жекпе-жегінде әлем чемпионы әзербайжандық Эльвин Мамишзадеге қарсы жұдырықтасады.
56 келі:
Қайрат Ералиев бірінші айналымдағы қарсыласы әзербайжандық Жавид Чалабиев. Екінші жекпе-жегінде өзбек боксшысы Муроджан Ахмадилевпен қолғап түйістіреді.
60 келі:
Берік Әбдірахмановтың бірінші қарсыласы АҚШ-тың оғыланы Карлос Бальдерас. Егер бірінші айналымнан сүрінбей өтсе жапон немесе Венесуэланың боксшысымен шаршы алаңда кездеседі. Ал ширек финалда үш дүркін әлем чемпионы кубалық Лазаро Альварес кездесуі мүмкін.
64 келі:
Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымда ағылшын Пат Маккормокпен жұдырықтасады. Егер осы сыннан сүрінбей өтсе, екінші айналымда Олимпиада ойындарының жүлдегері Ясниэль Толедомен жекпе-жекке шығуы мүмкін.
69 келі:
Данияр Елеусінов бірінші айналымда бос. Екінші айналымда ол Египет және Ұлыбритания боксшыларының қай жеңгенімен қолғап түйістіреді. Осы орайда айта кетейік, Даниярға жеребе жолдас болды. Ширек және жартылай финалдарда Италия және Германия, Венесуэла мен Мексика боксшыларының бірімен жолығуы тиіс.
Олай дейтініміз, Дохадағы әлем чемпионатының финалында оны жеңген марокколық Мохаммед Раби мен Олимпиада ойындарының жүлдегері, ресейлік Андрей Замковой екінші себетке түсті.
75 келі:
Жәнібек Әлімханұлы бірінші айналымда ұлыбританиялық боксшы Энтони Фаулермен жұдырықтасады. Екінші айналымда Алжир және Камерун боксшылары арасындағы жеңімпазбен шаршы алаңда жолығады.
81 келі:
Әділбек Ниязымбетов алғашқы айналымда бос. Ширек финалда Украина және Әзербайжан боксшыларының бірімен жолығады.
91 келі:
Василий Левит алғашқы айналымда бос. Келесі қарсыласы қытайлық боксшы болуы мүмкін. Ал кубалық Эрисланди Савонмен тек жартылай финалда кездесуі мүмкін.
+91 келі:
Иван Дычко алғашқы айналымда бос. Ал екінші айналымда әзербайжандық Меджидовпен жолығуы мүмкін.
Қыздар:
51 келі:
Жайна Шекербекова жарысты ширек финалдан бастайды. Шымкенттік боксшы жартылай финалдың жолдамасын Марокко мен Францияның бұрымды боксшыларының арасындағы жеңімпазбен сарапқа салады.
75 келі:
Дариға Шәкімова бірінші айналымда канадалық боксшымен кездесе, ширек финалда марокколықпен қолғап түйістіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Риода қазақ боксшылары тамыздың 6-сы күні шаршы алаңға шыға бастайды. Осы күні сағат жергілікті уақытпен 11:00-де (Астана уақыты бойынша 20:00) 60 келі салмақта бірінші болып шаршы алаңға Б. Әбдірахманов шығады. Ал 17:00-де (Астанада 7 тамыз, 02:00 болады) 81 келі салмақтағы боксшымыз Ә. Ниязымбетов пен 91 келі салмақтағы В. Левиттың өнерін тамашалай аламыз.
Жарыстың екінші күні 7 тамызда 11:00-де (Астана уақытымен 20:00) осымен Олимпиадаға үшінші рет қатысқалы отырған ең жеңіл салмақ – 49 келідегі Б. Жақыпов өнер көрсетеді. Ал 17:00-де (Астана уақытымен 8 тамыз, 02:00) 81 және 91 келідегі боксшылар сынға түседі.
Тамыздың 8-і күні 11:00-де (Астанада 20:00) Қазақстан ұлттық құрамасының команда капитаны 69 келідегі Д. Елеусіновтің жекпе-жегіне куә боламыз. Осы күні сағат 17:00-де (Астанада 9 тамыз, 02:00) тағы бір батырымыз Ж. Әлімханұлы шаршы алаңға шығады.
Тамыздың 9-ы күні 11:00-де (Астанада 20:00) 60 келі салмақтағы боксшылар арасындағы іріктеу жарыстары өтеді. Ал 17:00-де (Астана уақытымен 10 тамыз, 02:00) 75 келі салмақтағы боксшылар мен +91 келідегі боксшылар арасындағы жекпе-жектерді тамашалайтын боламыз. Бұл күні қазақ боксшыларының арасындағы аса ауыр салмақтағы И.Дычко өнер көрсетеді.
Тамыздың 10-ы күні сағат 11:00-де (Астанада 20:00) 49 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың ширек финалдық бәсекелері басталады. Осы күні сағат 17:00-де (Астана уақытымен 11 тамыз, 02:00) қазақ боксшыларынан 56 келідегі Қ.Ералиев пен 64 келідегі А. Жүсіпов шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, 81 және 91 келі салмақтағы боксшылар арасында ширек финалдық бәсекелер өтеді.
Тамыздың 11-і күні 56, 64, 69, және 81 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу сындары жалғасады. Тамыздың 12-сі бокстан қыздар арасындағы жекпе-жектер басталады. Бұл күні сағат 11:00-де (Астанада 20:00) 51 келі салмақта өнер көрсететін қарындасымыз Ж. Шекербекованың өнерін көре аламыз. Ал 13 тамызда 11:00-де (Астанада 20:00) 52 келі салмақта О. Сәттібаев шаршы алаңға шығады. Осы күні сағат 17:00-де (Астана уақытымен 14 тамыз, 02:00) 69 келідегі боксшылар арасында ширек финалдық додалар, 91 келі салмақта жартылай финалдық бәсекелер өтеді. Ал +91 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу ойындары ары қарай жалғасын табады.
Тамыздың 14 күні сағат 11:00-де (Астанада 20:00) екінші боксшы қызымыз Д. Шакимова шыршы алаңға көтеріледі. Ал тамыздың 15-і күні сағат 11:00-де (Астанада 20:00) 52 және 75 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу ойындары жалғасады. 69 келіде жартылай финалдық ойындар өтеді.
17:00-де (Астана уақытымен 16 тамыз, 02:00) 91 келі салмақтағы боксшылар арасында финалдық ойындар өтеді. Тамыздың 16-сы күні бокстан әйелдер арасында 51 келі салмақтан ширек финалдық жекпе-жектер өтетін болады. 17 тамыз сағат 14:00-де (Астана уақытымен 23:00) 75 келі салмақтағы қыздардың ширек финалдық бәсекелері болады. Ал тамыздың 18-і күні әйелдер арасында 51 келі салмақтағы боксшылардың жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді.
19 тамызда сағат 14:00-де (Астана уақытымен 23:00) 75 келі салмақтағы қыздар жартылай финалдық жекпе-жектерін бастайды. 20 тамызда 14:00-де (Астана уақытымен 23:00) 51 келі салмақтағы боксшы арулар арасындағы финалдық додалар басталады. 75 келі салмақтағы қыздар арасындағы боксшылардың финалдық жекпе-жектері – 21 тамыз сағат 14:00-де (Астана уақытымен 23:00).
Рио олимпиадасына 1,5 млн билет сатылмай қалды
12 жыл бұрынғы Афинада өткен олимпиада ойындарынан кейінгі алаң (фото)
Теннисші Олимпиада ауылындағы Қазақстан құрамасының тұрақтаған үйін көрсетті (видео)
Қазақстанның Рио Олимпиадасынан жүлдемен оралған спортшыларға қанша төлейтіні анықталды