Қазақстандық банктер несие алаяқтарының пайда болғанын ескертеді

Қазақстанның төрт бірдей банкі клиенттерге ескерту жасады. Kaspi Bank, Home Credit Bank, Forte Bank, Eurasian Bank және қаржыгерлер Ассоциациясы несие алаяқтарының пайда болғанын айтып, халыққа үндеу жолдады.

Фото: Sputnik/Руслан Кривобок

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Делдал фирмалары тұрғындарды банктен несие алып, алған қаражаттың бір бөлігін өздеріне аударуды ұсынып жатыр. Есесіне олар несиені төлеп және қарыз бойынша туындаған барлық сұрақтарды шешіп беретіндерін айтуда. Алайда арада біраз уақыт өткен соң алаяқтар ақшаны алып, ізін суытып жатыр. Бар жауапкершілікті ала отырып, үшінші жақтағы адамдармен, делдар компаниялармен жұмыс істемейтінімізді ресми түрде мәлімдейміз”, – делінген хабарламада.

Банк өкілдерінің айтуынша, былтыр осындай жағдайға қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Семейде қаржы алаяқтығын жасады деген күдікпен екі фирма тексеріліп жатыр.

Отандық банктер ескертеді: банкпен арадағы несие шарты «Банк және банк қызметі» Заңымен, сондай-ақ қарыз алушы мен қаржы институты арасындағы келісім-шартпен реттеледі.

Жіберіп алмаңыз:

Зейнетақы қорындағы ақшасын кімдер мерзімінен бұрын ала алады?

Зейнеткерлерге неге несие алуға болмайды?

Қазақстан ең жемқор елдердің қатарынан шықты

Доллар 430 теңге бола ма: Ұлттық Банк төрағасы жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар