Қазақстандық азаматтың Парижден 65 млн еуроға үйді қалай алғаны анықталды

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев Парижден қомақты ақшаға алған Қазақстан азаматы жайлы айтып берді, деп хабарлады Қазақпарат.

Қазақстандық азаматтың Парижден 65 млн еуроға үйді қалай алғаны анықталды

Сурет: Брокер Игнас Мювиссен жеке мұрағатынан

Бұған дейін қазақстандық азаматтың Парижден 65 млн еуроға үй алғаны туралы ақпарат тараған еді. Оған іздеу салынды. Ол мемлекеттік қызметкер емес. Өзі туралы толық ақпарат жариялауға рұқсат бермеген.

«Біз Франциядағы әріптестерімізге сауал жолдадық. Жауап келді, бірақ салық төлеуші өзі туралы ақпаратты жариялауға рұқсат бермеді. Сондықтан, ол туралы толық ақпарат бере алмаймыз. Ол өз табысын көрсетті, салықтары төленген және өз ақшасына жылжымайтын мүлік сатып алған. Және тағы бір атап өтерлік жайт, пәтер иесі – Үкімет қызметкері емес. Біз компанияның кіріс көздерін тексердік. Пәтер адамның емес, компанияның атына тіркелген. Сәйкесінше, компания кірістері мұндай пәтерді сатып алуға мүмкіндік береді және барлық салықтары төленген», – деді Мәди Тәкиев.

Пәтер алушы үйдің ақысын компания атынан төлеген. Компанияның салық қарыздары жоқ болып шыққан.

Бұған дейін риелтор қазақстандық олигарх Парижден сатып алған 65 млн еуроның үйін көрсеткен еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар