Қазақстандық азамат Қытайға “қартаюға қарсы қолданылатын құрттарды” өткізбек болған
Кеше Қазақстан-Қытай шекарасында кеден қызметкерлері 1982 жылғы Сәкен есімді Қазақстан азаматын ұстады. Тексеру кезінде оның белдігінің ішінен салмағы 300 грамдық кордицепс “құрты” бар полиэтиленді пакет табылған.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Пакет ШҚО Зайсан ауданындағы “Майқапшағай” постына жеткізілген.
Кордицепс – көбелектердің ұрық тастауынан пайда болатын саңырауқұлақ секілді паразитті құрт шөп. Оны өсімдікке де, шөпке де жатқызуға болмайды.
Кейбір деректер бойынша, Қытайдың ішкі нарығында кордицепстер 10 мың доллардан сатылады екен. Сондай-ақ, ол Қытайдың халық медицинасын мен фармакологиясында қолданылады. Яғни, кордицепс адам өмірін ұзартуға және адам ағзасының күшеюіне әсер ететін таптырмайтын өсімдік ретінде қолданылады.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”