Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әскери қызметкер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлдеге ие болды

Биыл Қырғызстандағы Ыстықкөл жағалауында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары үшінші мәрте өткізіліп жатыр. Дода барысында әскердің Орталық спорт клубының ефрейторы Ғұмар Қырғызбаев қырғыздың ұлттық күресі бойынша қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық әскери қызметкер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлдеге ие болды

Әскери қызметкер Ғұмар Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін күресте ресейлік палуанды жеңді.

«Спортшылардың физикалық дайындығы – әскердің күреске қабілеттілігінің кепілі. Тиісті оқу-материалдық база, жаттығуға арналған спорттық құралдардың барлығының арқасында біз халықаралық жарыстарда тамаша нәтиже көрсету мақсатында физикалық қабілеттерді дамытамыз», – дейді ҚР ҚМ ЦСКА Спорттық комитетінің басшысы Расул Мейірманов.

Айта кетсек, Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары Қырғызстанда 2 қыркүйекте басталған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау