Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші тыңдармандарына арнап стриптиз биледі (видео)

Тыңдармандарының жағымсыз пікірінен шаршаған Дарья Александрова оларға арнап тосынсый жасады. Жартылай жалаңаш күйінде би билеп, өзін видеоға түсірді. Мұнымен қатар, өзі туралы жиі жазатын отандық порталдардың бірі әбден мезі қылғанын айтты.

image

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Түсірген видеосын инстаграмдағы парақшасына жүктеп, жағымсыз пікір жазуға құмар оқырмандарына өтініш білдірген. Ол желі қолданушыларынан тек жақсы пікірлер жазуларын сұраған.

Әншінің ойлағаны жүзеге асқан-ды. Себебі, желі қолданушыларының көбісі бұл әрекетінің нағыз батылдық екенін айтқан. Мінсіз сымбатына жоғары баға беруді де ұмытпаған. Арасында бұл әрекетін ақымақтыққа балағандар да бар.

Однажды в Тае. P.S. Мои глаза запрограммированы читать только хорошие комментарии

Видео опубликовано Дарья Александрова (@dariya_aleksandrova)

Өзі туралы отандық порталдардың бірінде жаңалық жазылғанын білген әнші пікірімен бөлісті.

“Nur.kz, бұларыңыз күлкілі. Мен күн сайын инстаграмға не салсам, сіздер соны жаңалық етіп шығарасыздар. Бірақ тақырыбын ат үркитіндей қоясыздар. Оларды жабатын күн келе ме екен? Пікір білдірушілер де қарап қалмаған. “Спортқа жақын болғаның үшін қатты қуана берме. Саған да кәрілік келер” деп жазыпты. Алтындарым менің, неге бұлай жазасыңдар? Мен үнемі өзімді дамытып, өзгелерді шабыттандырып отыратын боламын. Өзімді мақтан тұтамын. Иә, жұрттың жынына тигенді де жақсы көремін. Депутат болуды көксемегендіктен, қалағанымды жасаймын. Айтпақшы, пікір жазушылар, менде барлығының силикон екенін қайдан білесіздер?” – деп әнші әлі де мұндай әрекеттер жасайтынын айтып өтті.

1

Осы жазбасынан кейін әншіні қолдаушылар қатары көбеймесе, азаймаған. Олар тіпті әншінің тағы да бір билеп, видео түсіруін сұраған.


Оқи отырыңыз:

Дарья Александрова: Казахстанцы, почему вы такие злые?

 

Талқылау