Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер Әділ Ахметовті Ресей мамандары кинога түсуге шақырды

«Анаға апарар жол» фильмінен соң Әділ Ахметов ресейлік мамандардың көзіне түсті.

bandicam 2017-05-13 15-48-02-501

Бұл туралы Әділ Ахметов Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Соғыс уақытын суреттейтін фильмде Әділ Ахметов басты рөлді сомдап, көрермен көзайымына айналды. Тіпті, киноның өзі еліміздегі жыл үздігіне іліккен бірден бір фильм. Актердің талантына ресейлік мамандар да қызыға қарап, арнайы шақырыпты. Әділ өзі бірден келіскенін айтады. Себебі, 10 сериалдық «Алжир» туралы кинода ол қазақ жігітінің рөлін сомдайды. Ақшасы да аз емес дейді.

«Алла қаласа бүгін Крым қаласына ұшамын. Енді көршілес Ресеймен де жұмыс істеп көрейік деп жатырмыз. Жалпы ақшасы да біздікінен көбірек. Қазақ жігітінің рөлі және нағыз қазақи мінез, тектілік бар. Сондықтан да бірден келісім бердім», – дейді Әділ Ахметов.

Тағы да оқыңыз:

Нағашылары қазақ Кристиан Костов “Евровидение-2017” байқауында ІІ орын алды (видео)

Ағылшынша мінсіз сөйлеген Мақпал Жүнісованың қызы жұртты таңдай қақтырды (видео)

Алматыда белгілі блогер қызды “алып қашып” кетті (видео)

Талқылау