Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ағалы-інілі қос боксшы Азия чемпионы атанды

Бангкокта бокстан жастар арасында өткен Азия біріншілігі аяқталды. Қазақстан құрамасы аталған чемпионатта екі артын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

20170707174827

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Саматәли Толтаев, ал 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Саматәлидің інісі Санатәли Толтаев жеңіске жетті. Саматәли финалда ринг қожайыны, тайлық Сакда Руамтамды жеңсе, Санатәли өзбестандық Билобек Мирзарахимовтан басым түсті.

20170707174834

Ал күміс жүлде Данил Семёнов (91 кг) пен Нұрдаулет Ұланұлына (+91) бұйырды. Айбек Досанов (52 кг), Елдияр Камчибеков (81 кг), Бахтияр Смағұлов (56 кг) пен Аят Маржикпаев (75 кг) қола медальді қанжығаға байлады.

20170707174842

Қазақстан жастар құрамасы жалпы есепте екінші орыннан көрінді. Ал бес алтынға қол жеткізген Өзбекстан командасы бірінші орынға шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Криштиану Роналду жаңа туған егіздерін көрсетті (фото)

Еуропа лигасы: “Қайрат” “Атланта” құрамасын 2:1 есебімен жеңіп кетті

78 жастағы қазақстандық рэпер-әже бүкіл әлемге танылуда (видео)

Пойыз жолсерігі 9 айлық қыздың өмірін қалай құтқарғанын айтып берді

Талқылау