Қазақстандық адамзат тарихындағы ең қиын үш есептің бірін шығарды
Ақылбек Көпжасаров шығарған есептің дұрыстығын Еуропа математикалық қоғамы растап отыр.

Бұл туралы “Ак Жайык” басылымы хабарлайды.
20 жастағы Атырау облысының тұрғыны Ақылбек Көпжасаров әлемдегі ең қиын үш есептің біреусін шығарды. Аталған фактіні Еуропа математикалық қоғамы растап отыр. Ақылбек Көпжасаров аталған есеп туралы алғаш рет осыдан 5 жыл бұрын өзінің математика пәнінен сабақ беретін ұстазынан естіген. Содан бері ол қолы қалт етсе, осы есепті шығаратын болған.
Ақыры ол жауабын тауып, оны математикалық қоғамға жіберген. Олар өз кезегінде екі айдан кейін есептің дұрыс шығарылғанын айтқан. Мұнымен қатар, 2018 жылы Ақылбекті арнайы марапаттайтындарын мәлімдеген. Әзірге қазақстандыққа қарсы жауап айтып, мін таққандар жоқ.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"