Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық 3 самбошы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық самбошылар Бейімбет Қанжанов, Әлібек Зекенов және Райхан Мәди Сочиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Бейімбет Қанжанов 52 келі салмақта армениялық Тигран Киракосян, монғолиялық Маралерден Чимедорж және ресейлік Валерий Сороноковтармен бірге бақ сынасты.

Ал Әлібек Зекенов 90 келі, Райхан Мәди 100 келі салмақта айқасқа түскен.

Қазақстан намысын қорғаған басқа да самбошылар Нұрбол Серіков, Айжан Жылқыбаева, Алмас Сүлейменов, Ажар Кеңпейіл және Асылбек Смайлов әлем чемпионатының алғашқы күнінде жеңіліс тапты.

Атап өтсек, Сочиде өтіп жатқан әлем біріншілігіне 90 мемлекеттен келген самбошылар қатысуда.

Оқи отырыңыз:

Ысмағұлов аралас жекпе-жек турнирінде бразилиялықты сабап тастады

“Ордабасы” футбол клубы 5,5 млрд теңгеге сатылды

Головкин Forbes нұсқасы бойынша ең табысты боксшылар тізімінде үшінші орынға сырғыды

Опасыздық жасағанына өкінген Аршавин бұрынғы әйелімен қосылғысы келіп жүр

Талқылау