БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтардың тегіне "Нұр" қосымшасы жалғана ма? Министрлік жауап берді

Әлеуметтік желілерде еліміздегі басылымдардың бірінде жарияланған хабарлама тарап кетті. Онда қазақстандықтардың тегіне «Нұр» қосымшасы жалғанатыны жазылған. Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аталған хабарламаға қатысты пікір білдірді.

Қазақстандықтардың тегіне "Нұр" қосымшасы жалғана ма? Министрлік жауап берді

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Желіде тараған хабарламада басылымда 2019 жылдың 28 наурызында жарияланған мақаланың үзіндісі көрсетілген. 

«Индустрия және цифрлық даму министрлігі шығарған қаулы бойынша 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап қазақстандықтардың тегіне «Нұр» қосымшасын жалғау міндеттеледі. Осылайша, Ахметов Нұр-Ахметов, Иванов Нұр-Иванов, Ким Нұр-Ким болады», - делінеді мәтінде.  

Сонымен қатар «Нұр» қосымшасы табыстың және қазақстандықтардың бүкіл әлемде танылуының символы болатыны жазылған. 

Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аталған хабарламаға қатысты пікір білдірді.

«Бұл жалған ақпарат. Оны бірнеше айқын белгісі бойынша түсіне аласыздар. Мысалы, материалда индустрия және цифрлық даму министрлігінің қаулысына сілтеме берілген. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда мұндай министрлік жоқ. Екіншіден, әлдебір анонимнің сөзі келтірілген. Егер шынымен де сондай қаулы болса, түсініктемені мемлекеттік органның нақты бір өкілі беретін еді және кем дегенде есімі мен қызметі аталады», - дейді ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Айжан Мусинова. 

Сонымен қатар ол материалдың астында «бірінші сәуірлік Шортанды» («первоапрельский Щучинск») дереккөзі көрсетілгенін атап өтіп, мақаланың бірінші сәуірге арналған әзіл екенін айтты.

Қазақстандықтардың тегіне "Нұр" қосымшасы жалғана ма? Министрлік жауап берді

Айта кетсек, әзілге құрылған жаңалық Шортанды қаласының «Стабильная газета» басылымында жарияланған. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр