Қазақстандықтар 5 мың теңгеге ұшақпен ұша алады
Қазақстандықтар әуе билеттерін 5 мың теңгеге сатып ала алады. FlyArystan әуе компаниясы Алматыдан Таразға қатынайтын жолаушыларға рейс үшін 4999 теңгелік бағаны ұсынды. Әзірге әуе тасымалдаушысы екі бағыт бойынша ғана ұшады – Алматы-Орал және Алматы-Тараз, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

FlyArystan әуе компаниясындағылар бүгін билеттердің сатыла бастайтынын мәлімдеді. Осылайша, Таразға бағыт алған алғашқы рейс 1 мамырда ұшып шығады және бір бағытқа арналған билеттің құны жинақты қосқанда 4999 теңге болады. Ұшу уақыты – 60 минут.
Ал Алматыдан Оралға ұшу бағасы – бір бағыт үшін 12 999 теңге. Алғашқы рейс биылғы жылдың 2 мамырында ұшып шығады. Ұшу уақыты – 2 сағат.
Қазақстандықтар 180 орынға есептелген Airbus A320 ұшағымен ұшатын болады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"