Қазақстандық жол полициясы жүргізушілерді не себепті орыс тілінде тоқтатады
Қазақстан полициясы, нақтырақ айтқанда жол полиция қызметкерлері мемлекеттік тілді менсінбей ме? Тілшілерге хабарласқан көрермендердің бірі жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін полиция не себепті әлі күнге дейін орыс тілінде тоқтатады деген сауал қойды.
Ал, жол полициясы көлік жүргізушілерін қай тілде тоқтатуы керек? Бұл туралы 31 арна хабарлады. Жол полициясы танымайтын көлік жүргізушілеріне сен деп сөйлегеннен бөлек, бірден орыс тілінде бұйрық береді. Бұған наразы жүргізушінің бірі Қазыбек Аташ есімді тұрғын. Біз ауылда жүрсек те, қалада жүрсек те, жол трассасында кетіп бара жатсақ та мемлекеттік тілде тоқтатуы керек? Неге маған келіп орысша сөйлейді? Олар мемлекеттің айнасы емес пе?», - дейді ол. Ал, ІІМ жол полицейлерінің екі тілді жетік меңгергенін айтады. Жүргізушілерге бұйрықты екі тілде берілетінін мәлімдеді
«Бұл жекелеген жағдайларға қатысты болуы мүмкі. Ал, нормативтік-құқықтық актілерге байланысты біз екі тілде жүргіземіз. Мәселен, жол полициясы «право прими» деп айтатын болса, қосымша «оңға тоқтаңыз» деп айтылады. Ал, полицейлерге шағым түсіп, жатса оны тексереміз. Арыз-шағымын әркім айта алады», - дейді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз. ІІМ мемлекеттік тілге басымық бермейді. Десе де жол полициясы жүргізушілерді тоқтатарда қос тілді қатар қолдануы тиіс. Олай болмаған жағдайда полицияны жауапқа тарта болады. Ал, мемлекеттік тілде сөйлеуін азаматтардың өзі талап етуі керек.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.