Қазақстандық студенттер электромобиль құрастырып шығарды
Алматылық студенттер жобасын өздері дайындап, құрастырып шығарған электромобиль Малайзияда өтетін Shell байқауында таныстырылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл Қазақстан үшін аталған саладағы алғашқы байқау. Байқауға Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері қатыспақ. Олар байқаудың екі кезеңінен өткен, ендігі ақтық кезеңге қатысқалы отыр. Шара Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда өтеді.
Байқаудың ақтық кезеңінің негізгі критерийлері – көліктің қуатты қаншалықты аз жұмсайтыны мен жүріп өтетін қашықтығы.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"
