Қазақстандық өрт сөндірушінің суреті көпшіліктің жүрегін елжіретті
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің Instagram желісіндегі парақшасында құтқарушының суреті пайда болды. Сурет жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Өрт сөндірушінің өртті сөндіргеннен кейінгі суреті. Көкшетаулық құтқарушылар тұрғын үйдегі өртті сөндіріп, екі адамды аман алып қалды», - дейді суреттің авторы.
Аз уақыт ішіндегі суретке қатысты көптеген желі қолданушысы пікір қалдырды. Олар суреттің жүректі елжірететінін және философиялық мәні бар екенін айтып жатты.
«Сурет тосыннан түсірілген. Сондықтан осыншама шынайы болып шыққан», «Батыл адамдар. Олар күнде адамдардың өмірін құтқарып, қарымын қайтаруды сұрамайды. Олар барлық марапатқа лайықты», «Қауіпті әрі ауыр жұмыстарыңыз үшін рахмет!» - деп жазды пікір қалдырушылар.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді