Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық модель футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шықты

Қазақстандық модель Анна Шарипова мен сүйіктісі – Германия құрамасы мен дортмундтық «Боруссияның» футболшысы Андре Шюррле шаңырақ көтерді. Неке қию рәсімі құпия түрде өтті. Неке қию рәсімінде тек жақындары болды.

Қазақстандық модель футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шықты

Жас  жұбайлар өткен жылдың желтоқсан айында Германияда Шюррленің туған қаласында некесін қиған. Алайда олардың үйленгені енді ғана белгілі болып отыр, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Анна Шарипованың соңғы айдың көлемінде желіде жариялаған суреттерінде сол қолының саусағынан неке жүзігі көрінеді. Алайда Германияда неке жүзігін оң қолға тағады. Сондықтан оның тұрмысқа шыққанын көпшілік байқай қоймаған. 

Сондай-ақ, модель жүкті екенін мәлімдеді. Ол жүктілігінің 7-айында жүр.

 

Анна Шарипова – Қазақстан жерінде дүниеге келген. Қазіргі уақытта Берлинде тұрып, оқып жатыр. Сонымен қатар модельдік бизнес саласында жұмыс істейді. 

 

Андре Шюррле – Германия құрамасының футболшысы. Ол командамен бірге 2014 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткен, Еуро-2012 және Еуро-2016 додаларына қатысқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау