Қазақстандық қыз Лондонда өткен сұлулық байқауында әділқазыларды таңғалдырды
Алматылық Лаура Мұхтар Miss USSR UK сұлулық байқауының вице-мисі атанды.

Байқауда бірінші мисс титулын ресейлік модель Ксения Очередко алды. Армениядан келген Ангелина Чобанян жеңімпаз атанды. Лаура Мұхтар Miss USSR UK сұлулық байқауының вице-мисі атанды.
Лаура Мұхтар былтыр "Алматы аруы" атанған еді. Ол театр факультетін бітіріп, Темірбек Жүргенов атындағы өнер институтында қоюшы режиссер мамандығында оқып жатыр. Қосымша хореграф болып жұмыс істейді.
Байқау Лондонда өтті. Оған бұрынғы Кеңес Одағы елінің арулары қатысты. Қатысушылар ұлттық киімде және су киімімен сахнаға шықты.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды