Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық футбол клубының 160 қызметкері жалақысыз қалды

Көкшетау қаласының "Оқжетпес" футбол клубы 160 қызметкерін жалақысыз қалдырды. Іске прокуратура араласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/fcokzhetpes/

Бұған дейін Ақмола облысының командасының ойыншылары бірнеше айдан бері тұрақты жалақы алмағандықтан Қазақстан чемпионатының матчына кедергі келтіреміз деп қорқытқан.

"Қадағалау іс-шаралары барысында "Өжетпестің" 160 қызметкеріне жалпы сомасы 425 миллион теңге жалақы берешегі бар екені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлерге берешегі толық өтелді, кінәлілер заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды", – делінген Ақмола облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 2022-2023 маусымының қорытындысы бойынша "Оқжетпес" ФК Қазақстан премьер-лигасында 12-орынға ие болып, жоғарғы дивизионнан шықты.

Еске салсақ, осыған дейін футболдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте төмендегені белгілі болған. 

Талқылау