Қазақстандағы сауда орталықтарының басшылары жауапқа тартылды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Қазақстанда өрт қауіпсіздігіне қатысты сауда орталықтарындағы тексерулердің қорытындысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы сауда орталықтарының басшылары жауапқа тартылды

«Азаматтық қорғау органдары биылғы 2 сәуірден бастап адамдар жаппай баратын сауда нысандарының өртке қарсы қорғануына тексеру жүргізді. 2018 жылдың 20 сәуірдегі мәліметі бойынша жалпы 972 тексеріс тағайындалып, оның ішінде 851-і аяқталды. Тексерумен қамтылған нысандарда 10 мыңнан астам ереже бұзу анықталды», – деді Ю. Ильин.

Оның сөзіне қарағанда, барлық кінәлі адамдар әкімшілік жауапқа тартылды, салынған айыппұлдар сомасы 16 млн теңгеден асты. Осы орайда нысандарды пайдаланып отырғандарға аталған кемшіліктерді жоюға қатысты нұсқаулар берілді. «Осы нысандарда шамамен 2-ден 20-ға дейін ережебұзушылықтар анықталуда», – деді министрдің орынбасары.

Бегілі болғандай, бұл нысандар бойынша бақылау тексерістері ағымдағы жылғы мамыр-маусым айларында басталады. Бұдан бөлек, ел аумағындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын толықтай орындап келген 11 нысан тіркелді. Бұл ірі сауда орындарында ешқандай кемшіліктер анықталмады. Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер бизнесмендердің Қазақстандағы ойын-сауық және ірі сауда орталықтарының тексерісіне қарамастан, өз нысандарының өрт қауіпсіздігіне салғырт қарайтынын айтты.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында жүргізуші әйел мен оның емізулі баласын қағып кетті

ШҚО-да қисық-қыңыр салынған жол белгісі желі қолданушыларын күлдірді (видео)

Шымкентте өлі күйінде табылған мұғалім жайлы жаңа деректер айтылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар