Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің есімі аталды

Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің тізімін жариялады. Тізімде Тимур Құлыбаев көш бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің есімі аталды

Forbes Kazakhstan мәліметінше, ең ықпалды кәсіпкерлер тізімінде Тимур Құлыбаев көш бастаса, мұнан кейінгі орындардан Болат Өтемұратов пен Владимир Ким көрінеді.

1. Тимур Құлыбаев, 52 жаста. Kazenergy қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы, «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы президиумының төрағасы, ҚР Ұлттық олипиада комитетінің президенті, Азия олимпиадалық кеңесінің вице-президенті.

2. Болат Өтемұратов, 60 жаста. Қазақстандық теннис федерациясының басшысы, Халықаралық теннис федерациясының директорлар кеңесінің мүшесі. Балет және ұлттық биді дамыту және қолдау қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Қазақстандық музыкант Батырхан Шүкеновтің қорына қолдау білдіреді. Ағаштан жасалған үрлемелі аспаптардың республикалық байқауын және Құрманғазы атындағы Ұлттық консервоторияда оқитын дарынды жастардың шәкіртақысын қаржыландырады.

3. Владимир Ким, 57 жаста. KAZ Minerals PLC тау-кен өндіру компаниясының президенті әрі ірі акционері. Сонымен қатар кәсіпкерге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС акциясының 70 пайызы, «Bank RBK» АҚ-ның мажоритарлық үлесі, «Қазақалтын» АҚ-ның 25 пайызы тиесілі.

4. Әлижан Ибрагимов, 65 жаста. Eurasian Resources Group (ERG)-тың 20,7 пайызына иелік етеді. Сонымен қатар кәсіпкерге International Mineral Resources II B.V. (IMR), «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ, «Еуразиялық өнеркәсіп компаниясы» АҚ және «Еуразиялық өндірістік компания» АҚ акцияларының бір бөлігі тиесілі.

5. Рашит Сәрсенов, 69 жаста. Көкшетаудағы «Көкше-Цементтің», шыны-пластик құбырлар зауыты, Ақтаудағы Caspian Riviera мейманханасы, Vita суые өндіру мен өткізу компаниясы, «Француз үйі», «Beautymania», «Imperial Home», «Сұлулық ғаламшары» сауда желілері, «Дибек» ат клубы, Алматы құрылыс және менеджмент колледжі, Қаспий қоғамдық университетінің иесі.

Сонымен қатар Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің тізіміне Нұрлан Смағұлов, Қайрат Сатыбалды, Вячеслав Ким, Айдын Рахымбаев,  Қайрат Боранбаев, Дәурен Жақсыбек, Бақытбек Байсейітов, Александр Клебанов, Кеңес Рақышев, Александр Белович, Серікжан Сейітжанов,  Ғалымжан Есенов, Эдуард Ким, Олег Новачук, Нұрәлі Әлиев, Айдан Кәрібжанов, Райымбек Баталов, Еркін Тәтішев, Дінмұхамет Ыдрысов, Данияр Әбілғазин, Анатолий Балушкин, Сержан Жұмашов, Орифджан Шадиев, Абылай Мырзахметов, Қайрат Мәжібаев, Арманжан Байтасов, Алмас Сұлтанғазин,  Берік Қаниев, Бауыржан Оспанов, Ельдар Әбдіразақов, Александр Гарбер, Ерлан Баймұратов, Сергей Кан, Ерлан Нығматулин, Бахаридин Аблазимов, Сергей Терещенко, Есенғали Байменов, Сайдулла Қожабаев, Юрий Пак, Андрей Лаврентьев, Владимир Денисов, Тимур Қуанышев, Ибрагим Акдрашев, Иван Сауэр және Сағат Түгелбаев кірген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау