Қазақстандағы ең қымбат үйлердің бағасы белгілі болды

Жұма, 24 Қараша , 2017 15:45

Қазақстанда адамның көзінің жауын алатын қалашықтар саны көбейді. Күн санап дамып жатқан өркениетті елімізде бай-бағыландар бірінен-бірі асып, аспанмен астасып, көкпен таласқан зәулім үйлер салуда.

Олардың сұлулығына қарап тамсанып, таңдай қағып жатқандарда аз емес, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Дегенмен, аталмыш баспаналар қанша АҚШ долларын құрайды? Олардың аумағының шаршы метрі қанша? Бұл үйлердің қымбат тұруының себебі неде? Көргенде көздің жауын алатын коттеждер қай қалада орналасқан?

Қазақстан бойынша ең қымбат үй Алматы қаласында орналасқан. Оның бағасы 11  млн 126 мың АҚШ долларын  (3 млрд 700 млн теңге) құрайды. Үш қабатты зәулім үйде 30 бөлме бар. Үйдің ені 300 мың шаршы метр. Ауласының өзінде әр түрлі шағын үйлер орналасқан. Монша, сауна, фитнес залы, гольф клубы, балаларға арналған ойын алаңы тағы бар.

Ал жеке жайдың бағасы 10 млн долларға жуық (3 млрд 300 млн теңге). Бұл үйдің ені 1200 шаршы метр. Ал ауласының аумағы 2 гектар жерді алып жатыр. Үй үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ас үй, қонақ бөлме, жеке кабинет  орналасқан. Екінші қабатта 4 жатын бөлмесі, гардероб, ас үй, екі балкон бар. Ал жертөледе тағы бір қонақ бөлмесі,  жаттығу залы орналасқан. Сондай-ақ, көлік тұрақтары да бар.

Есік алдына әр түрлі ағаштар отырғызылған. Даланың сұлу табиғаты  көз тартып тұрады. Сонымнен қатар, үйдің жанында 250 шаршы метр монша орналасқан. Оның ішінде сауна, джакузи және қонақ бөлмесі бар. Аталмыш қалашық толығымен бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бұл үй Тұңғыш президент саябағының жанында орын тепкен.

Үшінші орынға орныққан үй Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында орналасқан. Бұл үйдің бағасы 9 млн АҚШ долларын (3 млрд. теңге) құрайды. Баспана 2 қабаттан тұрады. Үйдің іші арнайы дизайнерлердің көмегімен көмкеріліп жасалған.  Коттедж 10 соттық жерді алып жатыр. Үй 24 сағат күзеттің бақылауында. Толығымен бейнекамерамен жабдықталған.

Астана қаласы бойынша ең қымбат  үй Ақбұлақ ықшамауданында орналасқан.  Аталмыш коттедж 7,5 млн АҚШ доллары (2 млрд 500 млн теңге) тұрады. Үйдің ішінде 12 бөлме бар.  Сонымен қатар, далада 4 көлік тұрағы, монша, сауна, бассейн және жеке үйлер орын тепкен. Мұнда ауланың көркін аша түсетін бақта бар.

Бесінші орында – 3 қабатты коттедж Ақтау қаласында орналасқан. Оның бағасы 1 млн 750 мың долларды (582 млн теңге) құрайды. Үйдің ішінде 9 бөлме бар. Қонақ, ас, жатын, жаттығу жасайтын бөлмелері. Басқа үйлерден ерекшелігі – бірінші қабаттың барлығын қысқы бақ алып жатыр.

Бүгін біз ретинг бойынша 2016 жылы белгілі болған қымбат үйлердің тылсым сырларымен бөлістік. Еліміз күн санап, ғарыштап дамып жатқан заманда бұл цифрлар тағы өзгере түсуі бек мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда қыздарды пәтеріне шақырып ұйықтататын дәрі беріп жүрген азамат ұсталды 

Қытайда балабақша тәрбиешілері балаларға күш көрсетіп, мазақ етті деп күдіктелуде

ҚР Геология комитетінің төраға орынбасары  парламенттегі тыңдауға шығар алдында қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар