Қазақстандағы президент сайлауының әділдігін кімдер бақылайды?
Қазақстанда өтетін кезектен тыс президент сайлауына 67 халықаралық бақылаушы аккредиттелді. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан бақылаушыларды аккредиттеу 3 маусым сағат 18:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«13 мамырда ОСК «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның бақылаушыларын аккредиттеу туралы» қаулыны қабылдады. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша, аккредиттеу үшін, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ (Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро) құрманыда 22 ұзақ мерзімді бақылаушы енгізілді», - дейді ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина.
Өз сөзінде Баймолдина бақылаушылар жөніндегі мәліметтердің жаңартылып отыратынын атап өтті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды