Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйелді не себепті қызметінен босатты

Қазақстанның азаматтық авиация комитетінің басшысы Тоты Әмірованың атына қоластындағы бірнеше қызметкерден шағым түсті. Содан кейін ресми тергеуді бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйелді не себепті қызметінен босатты

"Министрлікте жұмыс істеген уақытында комитетке Тоты Әмірованың заңсыз әрекеті мен этикаға жатпайтын сөзі үшін қоластындағылардан, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы субъектілер мен ұйымдардан шағымдар түсті", - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесінде.

Тәртіптік тергеуге сәйкес, Әмірова белгілі бір тұлғаның өтініші бойынша ұшақты кешіктіру туралы шешім қабылдаған.

"Әмірованың іс-әрекеті азаматтық қызметке нұқсан келтіріп ұшуды заңсыз кешіктіруді білдірді", - делінген хабарламада.

Тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша Тоты Әмірованы лауазымынан босату түрінде ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" бабына сәйкес) жаза алды.

Комитет ұшуды заңсыз кешіктіретін қызметкерлердің Қазақстан заңдарына сәйкес жазаланатындығын түсіндірді.

Талқылау