Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа «Алиментщики LIVE» атты сериал көрсетіледі

Қазақстанда 2 ақпаннан бастап жаңа отандық сериал «Алиментщики LIVE» тұсауын кеспек. Фильмді «АБК Production» ҚР инвестициялар және даму министрлігі байланыс және ақпарат комитетінің қолдауымен түсірілді.1402564649_do-not-pay-child-support

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл телевизиялық әлеуметтік сериал Қазақстан Республикасының заңдарын өрескел бұзып, балаларының жарқын болашағы алдындағы қоғамдық, ата-аналық жауапкершілігін сезінбейтін адамдардың санасын көтеруге бағытталады. Тек Астана қаласының өзінде 18 000 ажырасу фактісі тіркелсе, 4 000-нан астам әке алимент төлеуден жалтарып жүр.

Әр серияда әртүрлі оқиға қамтылған. Дәл осы ата-ана жауапкершілігі мәселесіне сан қырынан үңіліп, әлеуметтік проблемаларды, жас отбасылардың өмірін, отбасындағы әйел мен еркектің рөлін айқын көрсетеді. Сондай-ақ картинада қоғамдағы толеранттылық мәселесі, ұлтаралық жағдайлар да баян етіледі.

Жобаны «31 арна» қолдап отыр. 2016 жылдың 2 ақпанынан бастап аталмыш арнадан әр күн сайын таңғы 10.30 да көре аласыздар.

Талқылау