Қазақстанда «времянкаларда» тұруға тыйым салынуы мүмкін
“Времянкалар” өмір үшін қауіпті, сондықтан қауіпсіздік мақсатында Қазақстанда мұндай баспанада тұруға тыйым салу ұсынылды, дейді еліміздің ішкі істер министрлігіндер.
Сурет: Sputnik / Сергей Аверин
Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің сөзінше, талдау жүргізілгеннен кейін аталған ұсынысты үкіметке енгізбек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.
«Бүгінде жекеменшік иесі өз мүлкін әкімдік, ХҚКО-лар арқылы өздігінен тіркеу заң арқылы реттелген. Өкінішке орай, арам пиғылды салушылар жекеменшік сектор аумағында уақытша баспана салып, оларды баспанаға мұқтаж тұрғындарға жалға беріп отырғанын көріп отырмыз», – дейді Ильин.
Сонымен қатар ол уақытша баспаналарда су құбыры, кәріз жүйесі жоқ болғандықтан, санитарлық талаптарға жауап бермейтінін атап өтті.
«Үкіметке уақытша баспананы үй ретінде пайдалануға тыйым салу туралы ұсыныс енгіземіз», – дейді министрдің орынбасары.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.