Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық тексеріс ережелері қатаңдатылмақ

Көлік министрлігі техникалық тексеріс жүргізу ережелерін қатайтуды ұсынып отыр. Жаңа ереже көліктерге техникалық тексеріс жасайтын мамандарға әсер етпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

"Ашық НПА" сайтында "Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жобасы пайда болды.

Енді техникалық тексеріс орталығында жоғары техникалық немесе арнаулы орта техникалық білімі бар, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар және технологияны жетік меңгерген мамандар ғана істей алады. 

"Маманның көлік құралдарын жүргізу дағдысы және техникалық тексеріс өтетін көлік құралдарының санаттары үшін жүргізуші куәлігі болуы керек. Бұл ретте техникалық сарапшының жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауға тиіс”, – делінген хабарламада.

Талқылау