Қазақстанда Шымкент қаласы ең қауіпсіз қала саналады
Қазақстанның өзге қалаларына қарағанда Шымкентте өмір сүру қауіпсіз саналады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, Шымкент қаласында 20 892, Астанада – 39727, Алматыда – 66913 құқық бұзушылық тіркелген.

Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлайды.
Еліміздегі ірі қалалармен салыстырғанда, Шымкентте адам өлтіру, зорлау сынды ауыр қылмыс аз жасалады. Мұнда қылмыстың 60 пайызы ұрлық істері. Әдетте, ОҚО орталықтарында мобильді телефон ұрлайды. Барлық қылмыстың жартысы – телефон ұрлығы.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл аймақта қылмыс саны азайып келеді. 2015 жылмен салыстырғанда, Шымкент аймағындағы ауыр қылмыс 7,4%-ға азайды. Аса ауыр қылмыс – 6,1%-ға, ауыр қылмыс – 21,4%-ға азайды.
Жіберіп алмаңыз:
Назарбаев бірнеше министрлікті қайта құрды
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды