Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік фильмдерді қазақ тілінде субтитрлеуге міндеттеледі

Бүгін, 4 желтоқсанда, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова «Кинематография туралы» заң жобасындағы шетелдік фильмдерді міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау немесе субтитр беру жөніндегі нормалардың бірі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда шетелдік фильмдерді қазақ тілінде субтитрлеуге міндеттеледі

«Қазақстан аумағына енген фильмдер қазақ тіліне дубляждалуы тиіс. Бұл норма осыған дейін декларативті сипатқа ие болып, тиісті деңгейде жұмыс істемеді. Енді бұл заңнама орындалуы үшін «Кинематография туралы» жаңа заң жобасында ел аумағына кірген фильмді қазақ тіліне аудару тұрғысында дубляждау, не субтитрлеу, не фильмдерге кадрдан тыс аударма жасау ескерілген. Яғни, бұл Қазақстан аумағына жеткізілген фильмдердің барлығы қазақша нұсқасымен болуы үшін жасалып отыр», – дейді Райымқұлова.

Сонымен қатар ол аталған заң жобасына прайм-таймда қазақ тіліндегі фильмдер көрсетілген жағдайда, киноөндірушілер мен кинотетрларға салықтық жеңілдіктер берілетін туралы норма енгізілгенін атап өтті.

«Заң жобасы салық жеңілдіктерін қарастырады. Атап айтқанда, фильмдер өндірісі кезінде инвестор үшін киноөндіруші компанияларды қосымша құн салығынан босату ұсынылды. Сондай-ақ фильмдердің құқық иеленушілерін және прокаттау кинокомпанияларын, яғни ұлттық фильмдерді прокаттау кезінде кинотеатрларды корпоративтік табыс салығынан босату көзделіп отыр. Біз мұндай норма шетелдік картиналардың алдында олардың (ұлттық фильмдердің) кепілді артықшылығын қамтамасыз етеді деп ойлаймыз», – дейді вице-министр.


Тіл туралы 7 өлең

Талқылау