Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақыт Сұлтанов министр болды: Қазақстанда сауда және интеграция министрлігі құрылды

Елімізде сауда және интеграция министрлігі құрылды. Тиісті жарлыққа бүгін Қазақстан президенті қол қойды.

Қазақстан Республикасының президенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес ҚР сауда және интеграция министрлігі құрылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бақыт Сұлтанов сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. 

Жарлыққа сәйкес, жаңа министрлікке бірнеше министрліктің функциялары мен өкілеттіктері беріледі:

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқығын қорғау саласының қызметі;

Қазақстан Республикасының индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласы;

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің экспортты жылжыту саласындағы қызметті үйлестіру туралы қызмет саласы беріледі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін атқарды. Батыс Қазақстан облысының экс-әкімі Алтай Көлгінов 13 маусым күні Нұр-Сұлтанның әкімі болып тағайындалды.


"Бала туатындай уақыт өткен екен": Бақыт Сұлтанов астаналықтардан кешірім сұрады

Талқылау