Қазақстанда педофилдерге өлім жазасын кесуді сұрап миллионнан аса қол жиналды

Жексенбі, 4 Қыркүйек , 2016 17:22

2 қыркүйек күні Ақтау тұрғыны Алтынгүл Ахметова президент канцелярясына педофилдерге өлім жазасын кесу жөнінде қол жинап жіберді. Ақтау тұрғынының айтуынша, бір аптаның ішінде миллионнан астам қол жиналған екен.

1472882080

Бұл туралы Лада хабарлайды.

“Менің бастамама әр түрлі жастағы адамдар қолдау білдірді. Маңғыстау облысынан бөлек еліміздің өзге аймақ тұрғындары келіп қол қойып жатты”, – дейді ол.

Ол бұл бастаманы әлеуметтік желі арқылы көтерген.

“Хатты Астанаға жібердім. Енді жауабын күту керек. Біздің сөзіміз аяқасты қалмайды деп сенеміз”, – дейді ерікті.

Хатта Алтынгүл Ахметова өзінің ана еместігін, алайда 6 жасар бүлдіршіннің зорланғанын естігенде көзіне жас алғанын айтады.

“Педофилдер баланың психикасын бұзады. Оларды балалық шағынан айырады. Біз әрі баланың қауіпсіздігін ескеруіміз керек”, – дейді Ақтау тұрғыны.

Оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны  белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.

Қыз бала кешке қарай ес түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы бетте табылған. Ол жереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 миллион теңге сыйақы тағайындағаны хабарланған еді.  Кейінірек қызды зорлаған күдіктінің ұсталғаны хабарланғанымен, оның қылмысқа нақты қатысы бар екені расталмады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев
  • Маке says:

    Өлтіру жазасы. Не керек оны асырау. Тек қана өлтіру жасасы

  • Анонимно says:

    Менде қосыламын, өте дұрыс. Елімізде ондай айуандарға жер жоқ.”Химиялық жолмен піштіреміз”- деген сөздер бар. Мен оған да келіспеймін, өйткені ондай еркектер маньяк болады. Сондай қауіпті қылмыскерге айналмасына кім кепіл?

  • Анонимно says:

    қосыламыз өлім жазасы берілсін тек өлім жазасы

    • Анонимно says:

      Қосыламыз одан басқа жаза болуы мүмкін емес

  • Анонимно says:

    Өте дұрыс қосыламыз. Ондай айуандарға осындай жаза керек.

  • Анонимно says:

    Оте дурыс шешим болады, айуандарды айуанша жазалау керек, сол периште кызды ойласам жаным туршигеди, калай ойы барып, колы барды сондай айуандыкка, онлай адамдарды халыкка шыгарып турып ату керек, баланы зорлаган кандай екенин биледи, баскалары да коркатын болады.

  • Анонимно says:

    Менің ше тек педофилдер емес, қыз зорлағандарда автоматты түрде дарға асып өлтіру міндет

  • Мерхат says:

    Өлім жазасына тартылсын!

  • Анонимно says:

    Иə келісем

  • Анонимно says:

    Арине дурыс,оларды өлим жазасына кессе,қылмыс аз болар еди

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар