Қазақстанда өзбекстандық көліктер құрастырылатын болды
GM Uzbekistan мен Allur Group Қазақстанда Ravon Nexia R3 автокөлігін құрастыруды бастайды.

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
Алғашқы кезең бойынша Қостанай қаласында жылына 3000 Ravon Nexia R3 седандарының өндірісі басталмақ. Кезең бойынша санын жетілдіре отырып жылына 7000-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Ravon Nexia R3 автокөлігі AllurAuto және “УзАвто Азия” ЖШС диллерлік компаниялар желісі арқылы жүзеге аспақ.
Еске салсақ, “GM Uzbekistan” АҚ Өзбекстан Республикасындағы жеңіл автокөліктерді өндіруші және экспорттаушы компания. Қазіргі таңда компания қазақстандық AllurGroup компаниясымен бірге Қостанай қаласында Ravon Nexia R3 моделін өндіру бойынша бірлесе жұмыс атқаруда.
Жоба аясында “GM Uzbekistan” АҚ мен “СарыаркаАвтоПром” ЖШС арасында келісімге қол қойылды.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев