Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда McDonald’s-тың 15 мейрамханасы ашылады

Қазақстандағы ең алғашқы «МакДональдс» мейрамханалар желісі 8 наурыз күні Астана қаласында ашылады. Бұл туралы бүгін Мәскеуде өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстандағы «McDonald’s» франшизасының қожайыны Қайрат Боранбаев мәлімдеді.

141030120755-five-stunning-stats-about-mcdonalds-00005225-1024x576

Осылайша Қазақстан McDonald’s брендін қабылдаған әлемдегі 120-шы мемлекет атанып отыр. Қайрат Боранбаевтың айтуынша, осынау америкалық компанияның елімізде өкілдігін ашу үшін он жылға жуық уақыт бойына жұмыс істеген.

«Алдымен Қазақстанда 8 «McDonald’s» мейрамханасын ашамыз: төртеуі Астанада, төртеуі Алматыда. Мұнан кейін олардың санын жақын уақытта 15-ке жеткізу көзделіп отыр. Ал, болашақта бүкіл облыс орталықтарында McDonald’s мейрамханалар желісі болады»,- деп атап өтті Қайрат Боранбаев.

Әзірге McDonald’s тағамдарына қажетті өнімдердің негізгі бөлігі Ресейден тасымалданатын болады. Өйткені, Қазақстанда осынау әлемдік брендтің стандраттарына сай келетін өндіруші жоқ. Қазақстан тарапы тек сусындармен ғана қамтамасыз етеді екен.

«Әрине, біз өз еліміздің өндірушілерінің осынау бизнеске қатысқанын қалаймыз. Дегенмен, McDonald’s-тың 500-дей талабы бар. Оның бәріне жауап бере алатын Қазақстанда өндіруші әзірге жоқ. Бірақ, алдағы уақытта болатынына сенімдіміз»,-деді Қазақстандағы «McDonald’s» франшизасының иесі.

Айта кетейік, Қазақстандағы «McDonald’s» мейрамханаларының негізгі қызметкерлері Ресей мен Беларус елінде 1 жылға жуық уақыт біліктілігін арттырған.

McDonald`s компаниясын 1940 жылы  ағалы-інілі Дико және Мако Макдональдтардың бастамасымен негізі қаланған еді. Алғашқы мейрамханалары  Сан-Бернардино АҚШ-тың Калифорния штатында ашылған еді. 1948 жылы компания бірінші рет әлемдегі жылдам тамақ әзірлеу  принцптерін жүзеге асырған еді. Желінің алғашқы мейрамханасы Ресейде 1990 жылы ашылған.

Талқылау