Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыс құрбандары мемлекеттен өтемақы ала алады

Мәжіліс Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жіберді, деп хабарлайды КТК.

Қордың міндеті – дүние жимаған қылмыскердің орнына жәбірленушіге қаржылай көмек көрсету. Алайда ақша бәріне бірдей тимейді. Тек ауыр және аса ауыр қылмыс құрбандарына қарастырылады. Заң авторлары олардың қатарына түрлі сипаттағы зорлық-зомбылық, денсаулығына зиян келтіру, Қылмыстық кодекстің бас аяғы 62 бабын енгізіпті. Ал өлім жағдайында мемлекеттік өтемақы марқұмның жақындарына төленеді.

Бір реттік төлем мөлшері 68 мыңнан 136 мың теңге аралығында. Жоспар бойынша қор жұмысын 2020 жылы бастайды. Ал ақша келер жылдан бастап жиналмақ.  Тағы айта кетерлігі – қорға бюджеттен ақша аударылмайды. Жәбірленушілерге материалдық шығынды жазасын өтеушілер түрмеде жүріп жұмыс істеген жалақысынан өтеуі керек.

“Әдетте сотталушылардың құрбандарына өтемақы төлейтін ақшасы болмайды. Осындай жағдайларда көмекке мемлекет келеді. Ақша жинаудың бес көзі бар. Біріншісі сот шешімімен тағайындалатын міндетті өтемақы. Одан бөлек сотталушылардың түзету мекемелерінде істеген жұмысының ақысы осы қорға аударылады”, – дейді Мәжіліс депутаты Василий Олейник.

Тағы да оқыңыз:

Қырғызстан президенті Назарбаевқа телефон шалып алғыс айтты

Алматыда түрмеде жазасын өтеушілер аштық жариялап, темір-терсектерді жұтып қойған

Атырауда жаппай төбелескендердің видеосы таралып жатыр

Талқылау